Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылдың қарымта жекпе-жегі: Уорд Ковалевті тағы да ұтты (видео)

WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы, жартылай ауыр салмақтағы боксшы ресейлік Сергей Ковалев америкалық Андре Уордтан жеңіліп қалды.

1496754375

Ресейлік реванш жекпе-жекті де өз пайдасына шеше алмады.

Жекпе-жек кезінде Ковалев қарсыласына қарағанда көп соққы жасады, бірақ 7 кезеңде күшін жоғалтып, оны Уорд сәтті пайдаланып кетті. Ал сегізінші раундта Уорд Ковалевті бұрышқа тақап соққының астына алды. Ақырында төреші жарысты тоқтатуға мәжбүр болды.

Уорд кәсіпқой бокста 32 жекпе-жек өткізіп (16-сы нокаут), бірде бір мәрте жеңіліп көрмеген.

Ковалев пен Уордың алғашқы жекпе-жегі 2016 жылдың қараша айында болып, америкалық 114:113 есебімен жеңіске жеткен еді. Осылайша ресейлік боксшы өзіне тиесілі үш белдіктен де айырылған.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанның үздік бапкерлері мен ойыншылары анықталды

Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)

Қуат Найман: Димашқа Қайраттай болу үшін әлі біраз еңбектену керек

Геннадий Головкин ағасымен бірге Алматыға келді

Талқылау