Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылап, дұға жасаған: Жас жігіт 49 күн бойы ашық теңізде жалғыз қалған (видео)

Индонезиялық жігіт ашық теңізде 49 күн бойы жүріп, аман қалды. Ол су бетінде жүзетін лашықта жүрген кезде, дауыл тұрып, лашық ашық теңізге шығып кеткен.

Жылап, дұға жасаған: Жас жігіт 49 күн бойы ашық теңізде жалғыз қалған

Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алди Новел Адилансу бетінде жүзетін балықшылардың лашығында жұмыс істеп жүрген. Лашық жағалаудан 125 шақырым жерде орналасқан екен. 19 жастағы жігіт лашықта үнемі жарық болуына жауап беретін көрінеді. Адиланның әкесінің сөзінше, ұлы ол жерде 16 жасынан бері жұмыс істеп келеді. Балықпен айналыстан компания өкілдері әр апта сайын лашыққа келіп, ауға түскен балықтарды алып кетіп, Адиланға тамақ, су мен көмір қалдырып кетеді екен.

Шілде айының ортасында қатты дауыл тұрып, лашықты ашық теңізге шығарып жіберген. Ашық теңізде жалғыз қалған Адиланның тағасы тек бірнеше күнге жетіпті. Мұнан кейін ол балық аулай бастаған. Сонымен қатар жылынып, ас дайындау үшін лашықтың кей бөлшектерін жағады. Ал теңіз суының тұздылығын азайту үшін, суды киімі арқылы сүзгіден өткізіп ішкен.

Жапонияның Осако қаласындағы индонезиялық елшіліктегілердің мәліметінше, 31 тамызда Панама кемесіндегілер жас жігітті көріп қалған. Адилан бастапқыда киімін бұлғап, капитанның назарын өзіне аударуға тырысқан. Мұнан кейін радиосигнал жіберіпті.

Өз сөзінде жас жігіт лашықта жалғыздықта өліп қаламын деп ойлағанын мойындады. Тіпті, кейде ол жылап, өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда осы кезде ол ата-анасының киындыққа тап болған кезде дұға жасау туралы кеңесін есіне алыпты. Осылайша, ол лашықта тұрған Інжіл кітабын қолға алып, дұға жасаған.

Капитан жас жігітті көріп, алып кеткеннен кейін, ол Гуаманың жағалау күзетіне хабарласады. Кеме Жапонияға бағыт алғандықтан, Адиланды сол жерге жеткеннен кейін индонезиялық елшілікке тапсыру ұйғарылған.

8 қыркүйекте жас жігіт өз үйіне оралды. Хабарланғандай, оның жағдайы жақсы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау