Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылағым келіп кетті: Мейрамбек Бесбаев сахнаға жүгіріп шығып, құлап қалған Тамара Асарға көмектесті (видео)

Тамара Асар сахнада аяғы тайып құлап қалды. Оқыс оқиғаны көпшілік бірден түсіне қоймады. Әншіге Мейрамбек Бесбаев көмекке келді.

Тамара Асар көрерменін кезекті рет қайсарлығымен таңғалдырды.

Әнші сахнада шашылған жылтыраққа аяғы тайып құлады. Алайда ұстамдылық танытты. Тіпті құлағанын да білдіртпей, әнін жалғастыра айта берді.

Әншінің қолтығынан демеп, орнынан тұрғызған Мейрамбек Бесбаев болатын.

“Сахнаға шыға сала конфетилерге аяғым тайып кетті. Отырып қалдым. Сасқанымнан көрерменге қол соза беріппін. Ардақ сасып қалып, мені түсінбей қалды. Ал, өресі биік Мейрамбегім жанұшыра жүгіріп келеді екен. Сахнаға жүгіріп шығып, орнымнан тұрғызды. Бетімнен сүйіп, қолдау білдіріп жатыр. Менің жылағым келсе де, көпке білдірмей әнімі жалғастырдым. Оқыс әрекетім үшін көптен кешірім сұраймын. Өзгелер айтқанша, өзім жазайын деп шештім”, – деп түсіндірді әнші парақшасында болған жайтты есіне ала.

Тамара Асар Мейрамбекке алғысын жаудыра, көрерменнен кешірім сұрады.

Желі қолданушылары әншінің қайсарлығына, батылдығына тәнті болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Өзге емес , өзім айтам өз жайымда… Бүгінгі концертте саxнаның еденіне конфети шашылып, оған туфлиімнің тақасы мұзға тайғандай сырғып тайып кетіп, құлап барып, отырып қалдым… Өзім тұрып кетейін десем,аяғым қайырылып ауырып бара жатыр, оқыс қозғалыс жасасам, аяқты зақымдайтынымды біліп тұрмын.Салмағымның жеңілдігімен, қимыл қозғалыс биге жақындығым құтқарды. Оң аяғым шпагатқа қарай кетіп бара жатыр,тепе-теңдікті оң жаққа қарай әрең ауыстырдым да, тренерімнің үйреткен құлау кезіндегі қарсылық заңдарын, лезде денені игеруге тырысып, қорқынышты Халық деген құдіреттің көзінен ұялғаннан жоюға тырысып, вестибулярный аппаратттың барлық реакциясы мен әйелдік қылықты қоса отырып, көрермен болып отырған джентельмендерге жымиып,қолымды соза беріппін… Ардақ сасқаннан шошып, үлгермей қалды, сөйтсем Азаматтың Төресі, Өнердегі ӨрЕстім Мейрамбегім досым көзі шарасынан шығып кеткен, саxнаға қарғып мініп, қанатын қарсы жайып төніп келіп,қолтығымнан демеп,орнымнан тұрғызғаннан кейін бетімнен сүйіп жатыр. Халқым қолдары жетпесе де, дуылдатып овациямен көтеріп жатты… Раxмет МегаБегім саған!!! Қатты қорқып кеттім,жылағым келіп кетті, бірақ өзімді қатты ұстауға тырыстым… Көрерменімнен кешірім өтінемін🙏🙏 Біреу-міреу сыртымнан айтқаннан өзім сіздерге жазып отырмын…🙏🙏

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау