Жылағым келіп кетті: Мейрамбек Бесбаев сахнаға жүгіріп шығып, құлап қалған Тамара Асарға көмектесті (видео)
Тамара Асар сахнада аяғы тайып құлап қалды. Оқыс оқиғаны көпшілік бірден түсіне қоймады. Әншіге Мейрамбек Бесбаев көмекке келді.
Тамара Асар көрерменін кезекті рет қайсарлығымен таңғалдырды.
Әнші сахнада шашылған жылтыраққа аяғы тайып құлады. Алайда ұстамдылық танытты. Тіпті құлағанын да білдіртпей, әнін жалғастыра айта берді.
Әншінің қолтығынан демеп, орнынан тұрғызған Мейрамбек Бесбаев болатын.
“Сахнаға шыға сала конфетилерге аяғым тайып кетті. Отырып қалдым. Сасқанымнан көрерменге қол соза беріппін. Ардақ сасып қалып, мені түсінбей қалды. Ал, өресі биік Мейрамбегім жанұшыра жүгіріп келеді екен. Сахнаға жүгіріп шығып, орнымнан тұрғызды. Бетімнен сүйіп, қолдау білдіріп жатыр. Менің жылағым келсе де, көпке білдірмей әнімі жалғастырдым. Оқыс әрекетім үшін көптен кешірім сұраймын. Өзгелер айтқанша, өзім жазайын деп шештім”, – деп түсіндірді әнші парақшасында болған жайтты есіне ала.
Тамара Асар Мейрамбекке алғысын жаудыра, көрерменнен кешірім сұрады.
Желі қолданушылары әншінің қайсарлығына, батылдығына тәнті болды.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
