Германия тұрғындары көше ортасында намаз оқығандарды айыптап жатыр (видео)
Желіде ер мен әйелдің көше ортасында намаз оқыған сәті тарады.

Видеоны түсіруші автор мұның Германияда болып жатқанын айтты.
“Жұмыстан шықсам, босқындар көшеде осылай намаз оқып тұр. Уақыты келген соң, сол жерде құлшылық етуге бел байлаған. Сұмдық. Мұндайды бірінші рет көруім. Осыдан кейін енді не болады?”, – дейді автор.
Бұған қатысты желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Олардың бірі мұны бассыздық деп атады. Мұндайға шектеу қою керектігін айтты. Енді бірі намазды орын таңдамай кез келген жерде оқу керектігін айтып, ер мен әйелге риза болды. Көпшілік автордың емес, намаз оқушылардың әрекетін құптады.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді