Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналистикаға бет бұрған Серік Ибрагимов авторлық бағдарламасын жарыққа шығармақ (видео)

Серік Ибрагимов журналистикаға бет бұрды. Өнер иесі жақын күндері авторлық бағдарламасын жарыққа шығармақ. YouTube желісінде жүретін жаңа жоба “Раз на раз Серік Ибрагимовпен бірге” деп аталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Былтырғы жылы ғана продюсері Алтынбек Рахметовпен ат-құйрығын үзісіп, жеке шығармашылығын өз қолына алған Ибрагимов не себепті журналистикаға бет бұрған? Әнші бұл сұрақтың жауабын “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында берді.

“Бағдарламалар көп. Әсіресе YouTube желісінде орысша бағдарламалардың ғана рейтингі жоғары. Сондықтан қазақша да айтуға, сұхбаттасуға, әзілдесуге, боқтамай-ақ, ойын ойнап, күліп, бір жақсы дүние істеуге болады деген оймен жасап жатырмыз”, – деп түсіндірді Ибрагимов.

Бұл ретте әріптестері Ибрагимовке қолдау білдірді.

“Өз басым ақын жігіттердің ән айтқанын, радиожүргізушінің асаба болғанын, әншінің актер болғанын көрдім. Жігітке жеті өнер де аз дейді. Әдемі жеткізе білсе, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Ешкім ешкімнің нанын тартып жемейді”, – дейді Ғаділбек Жанай.

Алайда көрермендер әншілердің барлық салаға қол сұға бастағанына наразы. Олардың пікірінше, “шымшық сойса да, қасапшының сойғаны дұрыс”.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау