Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Хабар” арнасының тілшісі президент сыйлығынан «бас тартты»

Бүгін Ақордада мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова үздік журналистерге президент сыйлығы мен гранаттарын табыстады.

c5cb15d81b3d87296324cc4b3c0dc9f5_XL

Салтанатты жиында «Хабар» арнасының тілшісі Майра Әбдірахманова президент сыйлығынан алатын қаржысын қайырымдылық қорына аударатындығын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мен үшін президент сыйлығын алу үлкен бақыт. Біріншіден мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, әрі «Хабар» агенттігі мен «24 KZ» ұжымына, ҚР президентінің баспасөз қызметіне және кандидаттарды іріктеп алған беделді комиссия мүшелеріне алғысымды білдіремін. Бұл – ұжымның жетістігі. Мен телевидениенің табалдырығын осыдан 30 жыл бұрын аттадым», – деді ол.

Осы ретте тәжірибелі журналист алған сыйлығын «Мейірімділік» қайырымдылық қорына аударатындығын жеткізді.

«Өздеріңіз білетіндей, бұл қорды әріптесім, журналист Аружан Саин басқарады. Елбасы өзінің «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығынан алған қаржысын осы қорға аударған болатын. Нәтижесінде 29 бала өлім аузынан құтқарылды. Оларға шұғыл түрде операция жасалды. Менің ойымша, балаларға әлі де көмек керек. Сондықтан біз мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алуымыз керек», – деп түйіндеді сөзін Майра Әбдірахманова.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда жол полицейі адамдарды құлдықта ұстап келген

Павлодарда жақында ғана бір адам көз жұмған дәмхана маңында тағы төбелес болды (видео)

Ғалымдар адамның денсаулығы туған айына байланысты екенін анықтады

Өскеменде полицейлер көшедегі қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамды босата салды

 

 

Талқылау