Асхат Садырбай: Мәйіт шығатын үй ас бермеуі керек

Жұма, 24 Қараша , 2017 18:02

Журналист Асхат Садырбай Көкшетау қаласындағы жерлеу рәсіміне қатысты шешімді қолдайтынын айтты.

Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі, облыстық “Ел бірлігі” қоғамдық кеңесі, облыстық Науан хазірет мешінің бірлескен шешімімен “Жаназа және жерлеу рәсімдері” туралы пәтуа жарияланған. Асхат Садырбай осыған қатысты пікірін желідегі парақшасында жазды.

“Бұл шешімді қос қолдап қолдаймын. Қара жамылып, қайғырып отырған отбасы дүние салған жақынын жоқтап, құран бағыштаудың орнына дастарxанның мәселесімен миы айналып кетеді.

Білуімше мұсылман мемлекеттердің көбінде марқұмды жерлейтін күні мәйіт шығатын үй қазан көтеріп, ас бермейді. Ертеректе атам қазақ та сөйткен. Жамағат жаназа намазға келеді, сосын жерлеуге қатысып, құрандарын бағыштап қайтады.

Бізде соңғы жылдары той мен жаназаның дастарxаны жарысып кетті. Әркімнен көргенімізді істеп жерлеу рәсімін де өзгертіп жібердік. Мынау бастама дұрыс қолға алыныпты. Бірте-бірте жөнге келерміз.

Сосын мәйіт шығатын үйдің ас бермеуі керектігіне қатысты тағы да бір өте маңызды (ғылыми да шариғи да) ақпараттар бар. Оны кейінірек жазармын”, – деп жазды ол.

Тағы да оқыңыз:

74 жастағы көкшетаулық қария Сеулде гір тасын көтеруден чемпион атанды

Назарбаев: Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді

Қазақстанда ер азаматтар әйелінің жатырын жалға беріп ақша тауып жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Anonymous says:

    Əркім өз көрпесіне қарай көсілсін!!! Ас беру, хатым оқыту деген дұрыс! Өліге дуға , тіріге тірлік керек!!! Өлі разы болмай , тірі байымайды!!!

  • Anonymous says:

    Аркым өз жағдайына карайды емеспе?

  • Anonymous says:

    Біздің оңтүстікте солай ғой кей жерлерінде. Жиенім қайтыс болып, Қостанайдың бір ауданына барғанда ол жақтағылар өлік шығып кеткенше үйден дастархвн жаймайды екен. Мен соны дұрыс деп ойладым. Ал өлікті жерлеп болғасын барып ас берілді. Ал бізде ше, той дастарханындай етіп жасайды. Жиналғандар бір тойда отырғандай əңгіме айтып, тіпті қарқылдап бірін – бірі қағытатынын қайтерсің. Сосын дастарханнан салып алу жарысы басталады. Ұят тіпті. Имамдарда жазық жоқ. Қайта-қайта ескерту жасап айтып жатыр ғой.

  • Anonymous says:

    Сол аста-ток дастарханды курметпен сыйластыкты тири кезинде жасамасан омирден кеткеннен сон да жасама тек сонгы сапары деп барин шашудын кажети жок Бул курметтерди Адам дуние салмай жатып жасау керек Омирден откеннен сон окинудин жони жок

  • Anonymous says:

    Өзіңді Алланың қалауымен өмірге əкелген ата-анаң өмірден озып жатқан да, сен сонда қолыңды қусырып, онсыз да қара түнек болған үйіңді тіпті қараңғы қылғың келгені ма ? Біз үшін өмірін сарп еткен, бейнет кешкен ата-анаға ең соңғы сапарын да құрмет көрсете алмасақ, онда не болғанымыз ? Иа, түсінем. Тойдың тамағындай тамақ қойып, ысырапшылдыққа жол бермеу керек, бірақ өз əке-шешең о дүниелік болып жатқан да, оның үстіне мына заман да даладағы адамнан көмек күтіп, біреу бірдеңе істейді екен деп қол қусырып отыру дұрыс емес деп білем. Жасым 40-тан асты, Əлхамдуллила мұсылманмын, Алланың бұйырған 5-парызын шамам жеткенінше орындап жүрген жанмын.
    Сондықтан, “өлдің Мамай қор болдың” деп, ата-анаңды, иа болмаса бір туған туысыңды соңғы сапарына үн-түнсіз аттандыру дұрыс емес деп білем. Біздің алдымыз да өмір сүрген аталарымыз имансыз, иа болмаса дінсіз, намассыз болған ештеңесі жоқ. Олар дінді бізден де артық білген, тақуа болған жандар. Бірақ олар сендер сияқты істемеген.

  • Anonymous says:

    Дұрыс,барлық жерде өлім той сияқты өтетін болды,бұған тиым салу керек,адамы өліп қайғы жұтып жоқтау айтудың орнына,дастарханды,соятын малды ойлап есің шығып отырғаның,тіпті жасым 60 ілігіп қалды аяқ астынан қаза тапсам балам есі шығып қиналады ау,жөнді жұмысыда жоқ деген ой маза бермейді

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар