Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізуші мен полицейлердің төбелесі: Шымкент полициясы мән-жайды түсіндірді (видео)

Шымкентте полицияға балағат сөз айтқан көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жүргізуші мен полицейдің жанжалы түсірілген видео жарияланды.

Кадрдан жүргізушінің полицияға қарсылық көрсеткенін көруге болады. Оған жақтастары көмекке келді. Жақын жерде түлектер лентасын таққан қыздар тұр. 

Оқиға 25 мамыр күні Шымкентте болды. 

Көлігін тұраққа қойған жүргізуші жол ережесін бұзған. Полицейлер  Kia көлігінде көк түсті шам жандыратын қызыл аппарат тұрғанын айтады. Жүргізуші мемлекеттік нөмірі алынып тасталған көлікпен жүргені үшін, терезелерін қара жабынмен қаптағаны үшін оған әкімшілік протокол толтырылды. 

Көлік ақылы тұраққа қойsлған. Қазіргі уақытта "билік өкілдерін балағаттау" бабы бойынша тергеу басталды. 

 

Stan.kz
Сейсенбі, 28 Мамыр, 2019 12:55