Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүрегіміз қан жылады": Ринат Зайытовтың сөзін Димаштың ата-анасы қалай қабылдады?

Димашты әрдайым қатаң сынға алатын Ринат Зайытовқа, осыдан бірнеше ай бұрын Майра Ілиясова тоқтау салған болатын. Алайда, дәл сол ақпарат ғаламторға тарағаннан кейін Құдайбергеновтің ата-анасы Ілиясоваға алғыс айтып, ерекше ілтипатын білдіріпті. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне сұхбат берген әнші Майра, жерлес інісіне қатысты және Димаш туралы тың ақпараттармен бөлісті.  

Димаш Майра Ілиясова Ринат Зайытов

«Біз өте жақсы қарым-қатынастамыз. Қанат пен Светамен үнемі сөйлесіп отырамыз. Олар Астанаға келіп тұрады. Кейде бірігіп отырып, шәй ішетін кезіміз болады. Сондай сәт туғанда көп әңгімелесеміз. Бір күні Димаштың анасы телефон шалды. «Майра апай, біз үндемей отырамыз. Жүрегіміз ауырады. Ринаттың әңгімесін естігенде жүрегіміз қан жылады. Бізді бүкіл дүниежүзі қарап отыр. Димаш туралы қандай информация кетеді деп, бізді аңдып отырады. Соны біз білмегенсіп, көрмегенсіп отырамыз. Егер біз бір нәрсе айтсақ, ол бүкіл әлемге кетеді. Сондықтан не болса да өз ішімізде қайнап жатқан нәрсе ғой деп ештеңе демедік. Бірақ сіз біз үшін, біздің ойымыздағы сөзді айтып, Ринатқа сондай бір тоқтам айтқандай болдыңыз. Біз ризамыз деп маған рахметін айтты. Ананың жүрегі ауырады ғой», - дейді Майра Ілиясова.  

Ілиясова үшін Димаштың орны ерек. Дара әншінің өнерінен бөлек, адамгершілігіне де тәнті болып отыр. Тіпті, Құдайбергеновті үлкен сахнаға шығарған да Майра ханымның өзі екен.

«Мен біріншіден Димаштың университетіндегі ұстаздарының бірімін. Өзін өте жақсы көремін. 9-шы сыныптан бастап мен Димашты үлкен сахнаға шығарғанмын. Менің «Сағындырған әндер-ай» атты жобамда ән салды. Кейін Қытайға барғанда Джеки Чанмен түскен суретіне: «Менің үлкен сахнаға шығуыма себепші болған – Майра апай!», деп өзінің жазып берген қолтаңбасы бар. Димаш тек әнші емес, адам ретінде де керемет. Оның ақылдылығы, сауаттылығы, оның қазақша-орысша және ағылшынша сөйлейтіні, оның кішіпейілдігі, сөз саптауының өзі керемет. Сондықтан Димашқа деген менің жүрегім ерекше», - дейді әнші әпкесі.

Зайытовқа зекіп тастаған Майра Ілиясова, Ринаттың талантын бағалайды. Бірақ жерлес-інісінің желідегі орынсыз сындарынан мезі болғанын жасырмайды.

«Ринат өзімнің жерлесім. Ринат жарқырап шыққанда Семей елі мақтандық, біз мақтандық. Бірақ Димаш жайлы орынсыз артық сөздер кеткен кезде бір тыңдадым, екі тыңдадым, үш тыңдадым. Қоймағаннан кейін тоқтатуға тура келді. Қазір ондай әңгіме естіп жүрген жоқпын. Негізі Ринатта талант, ерекше жаратылған бала. Ол қасындағы талантты бағалау керек және сын айтқың келсе, мәдениетті түрде айт. «Ол қыздың дауысы,  әйел дауысты әншілерден қорқам» - деген әңгімелер ұят болады. Содан кейін Ринатпен кездескен жоқпын. Бірақ мен қатты айтып тастадым», - дейді Ілиясова.  

Айта кетейік, Димаш қазіргі таңда Мәскеудегі концертіне қызу әзірлік жүргізіп жатыр. Қазақ баласының Ресей еліндегі ән кеші 22-23 наурыз күндері өтпек.

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау