Жұмысқа смартфонсыз кіру туралы жаңа ереже шенеуніктерге ұнамай қалды
Бүгін еліміздегі барлық мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы ұзын-сонар кезекке тұрудан басталды. Өйткені, бүгін министрлерден бастап қарапайым шенеуніктерге дейін жұмыста планшет, смартфон ұстауға салынған тыйым ресми түрде күшіне енді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Сурет realnoevremya.ru
Сондықтан кіре берісте осылай тыңғылықты тексеру жүруде. Салдарынан кезек пайда болып, тіпті, қызметкерлер жұмысынан кешігіп жатыр. Өйткені, ереженің бүгінен бастап күшіне енетінін білсе де қызметкерлердің басым бөлігі смартфондарын тастамапты.
Шенеуніктердің қымбат телефондарын қарапайымға ауыстыруы бекер емес. Соңғы кезде әртүрлі министрліктердің құпия құжаттары интернетте қаптап жүр. Осыны ескерген Үкімет өткен айда шенеуніктерге смартфон ұстауға тыйым салатын заңды Парламентке бекіттіріп алған болатын.
“Смартфонға қатты үйреніп қалыппын. Қарапайым ұстаған өте ыңғайсыз екен. Бүгін алғышқы күн ғой. Кім біледі кейін үйреніп алатын шығармыз”, – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметкері Айнұр Сепелова.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады