Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдызға ұқсайды: Айдарбекованың жас кездегі суреті желіде қызу талқыға түсті

Өткен жылдың қазан айында келіні Жұлдыз Әбдікәрімованы халыққа таныстырған Гүлзира Айдарбекова тыңдарман қауымды бір қуантты. Жұлдызды көре сала көпшілік оның Гүлзира Айдарбековаға ұқсайтынын айтып жатты, деп жазады Stan.kz.

Қайраттың келіншегі де реті келген сайын енесін анасындай сыйлайтынын айтып жүр. Үсенқызының жас кездегі суретін көрген желі оқырмандары тағы да Жұлдызды сөз етпей қоймады.

“Жас кезіңізде келініңіз Жұлдызға ұқсап тұрсыз”, – деп бір ауыздан пікір білдірді инста-оқырмандар.

Ал Айдарбекованың өзі керемет естеліктерге толы шағын еске алды.

“Не деген керемет кез десеңші. Балаларың күнде қасыңда. Аман-есен есікті ашып кіріп келсе деп, ұйқысыз таң атырып уайымдамайсың. Тамақ, ойын, папа-мамалары болса болғаны, балаларымыздың да уайымсыз кездері осы шақтары ғой. Ұлдарымыз ер жеткенше асықтық, бірақ өзіміздің ол кезде қартая бастайтынымызды ойламадық. Мейлі, ең бастысы амандықта болғандарына Аллаға сансыз шүкір! Үш ұлым, үш Арысым!” – деп бөлісті ол.

Жіберіп алмаңыз:

Instagram жұлдызы Айымның қанша жаста екенін білген жұрт таңырқап қалды (видео)

Төреғалидің шынайы тегі белгілі болды

Желіде Айқын мен Жұлдыздың отбасылық суреттері пайда болды (фото)

Ерлан Біләлді ұстап берген “Сезам” театры басшысының өзі бәлеге қалды

 

 

Талқылау