Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жұлдыздар шайқасының» актеры ауруханадағы бос орынды күтіп жүріп қайтыс болды

«Жұлдыздар шайқасында» бірнеше рөлді сомдаған британдық актер Ричард Боунхилл кардиомиопатии ауруынан көз жұмды. Ауруханадағы орын тапшылығына байланысты оған ота жасау күнін ауруханадағылар екі рет кейінге қалдырыпты.

pic_cc289ac28ec16fc030a4a19e1d717c85

Сурет lenta.ru сайтынан алынды

Актер 2016 жылы ақпан айының басында көлігінен өлі күйінде табылған. Оның өлімінің анық-қанығы полицейлердің тексеруінен кейін мәлім болды.

Плимут қаласының Деррифорд ауруханасында Ричардқа 2016 жылдың 5 қаңтарында ота жасайтын болған. Алайда, ауруханада орынның босамауынан ота жасау күнін 19 қаңтарға ауыстырған. Кейіннен тағы ақпан айының ортасына шегеріпті. Сөйтіп жүргенде актер ота жасағанға дейін қайтыс болған.

«Сіздің күйеуіңіз жүрек ауруымен ауырған. Бұл туа бітті ауру. Оның өлімінің себебі де сол болған», – деді тергеуші Барри ван дер Берг актердың жесірі Линн Боунхиллге.

Ричард Боунхилл «Жұлдыздар шайқасынан» бөлек, «Империя наносит ответный удар» , «Возвращение джедая» фильмдерінде – шабуылшы, бүлікші, әскери ұшқыш рөлдерін сомдады. Сонымен қатар, «Мстители», «Роб Рой» мен «Робин из Шервуда», «Доктор Кто» сериалдарында да ойнаған.  Ол каскадерлігімен, мықты қылыштаса алатынымен де танылған. Актер Truro семселлесу клубының президенті болды.

Талқылау