Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Өмірғали КешYou тобында уақытша өнер көрсетеді

«Кешью» гелзбендінің құрамында өзгеріс. «Хайп сыйлаймақ» болған сылқымдардың қатарынан, енді Элизатты көрмейсіздер. Атышулы ұжыммен қоштасқан арудың, бұл шешімге келуіне не түркі болды? Топтың келешектегі тағдыры қалай өрбімек?

Шаршамайды екен: КешYou тобының құрамы тағы өзгере ме

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Элизаттың «Кешьюден» кеткені әшкереленді. Бірақ, атышулы ұжымда ән салған ару, топтағы экс-әріптестерінің қылығын еш қайталамаймын деп, сендірген еді.

“Көбісі мысалы контракты бітірмей кетіп жатады. Мысалы, Баян Мақсатқызын көбінесе ренжітіп қояды. Сондықтан басқалардың ізіне кетпей, Баян Мақсатқызының еңбегін ақтап, жазған контракты аяқтап, кім біледі ертең не болатынын. Мен білмеймін ғой. Бірақ ойым сондай”, – деген еді Элизат.

Келісімшарты әлі 3 жылға дейін жарамды Элизаттың, гелзбендтегі жұмысын тоқтатуына не түркі болды? Әлде әнші қыз ет-жақындарының өтінішін орындайын деді ме?

“Қызым-ау, қашан тұрмысқа шығасың? Сенің тойыңа барғымыз келеді. Көбінесе туысқандарымыз айтып жатады”, – деген болатын Элизат бұған дейінгі сұхбатында.

Берікованың бұл қадамына, махаббат машақаты себеп болуы мүмкін. Себебі:

“Элизат, Элизаттың басы бос емес”, – деп топтасының сырын ашқан болатын Балжан Бидаш.

Ал, Кешьюдің музыкалық жетекшісі Бағым, бір сұхбатында топтағы қыздардың тосын-сыйына әбден тойғанын айтқан еді.

“Шынымды айтсам, мен әрдайым ұрысқақ әрі «Көкбет Баголя тәте» болудан шаршадым. Бір өкініштісі, қыздардың тұрмысқа шығатынын немесе жүкті екенін ең соңында біз естиміз”, – дейді Бағым Мұхитденова.

Бірақ «Кешьюдің» жұмысы тоқтаған жоқ. Үштікке Жұлдыз қайта оралды!

“Менімен жұмыс істеген уақыт ішінде, бірде-бір сөз естімеген әрі артық әңгімеден ада – сол Жұлдыз ғана. Өте жақсы қыз! Маңдайына жазғаны сол болар, кезінде қоштасуға тура келді. Бірақ, алдағы уақытта біздің жобаларға шақырып, бірге жұмыс жасаймыз деген ойдамын”, – дейді Баян Алагөзова.

Ұзынқұлақтан естуімізше, Өмірғали ұжымда уақытша өнер көрсетеді. Бүгінде Баян басқаратын орталық, Балжан мен Назымның жанына жас қыздарды іріктеп, «Кешьюдің» жаңа құрамын жасақтамақ көрінеді.

Тағы оқыңыз:

Асылхан Төлепов пен Гүлназ Жоланова қырғыз фильмінде басты рөлді сомдамақ

Мейрамбек Бесбаев өзі жатқан бесікті Рахман Омардың ұлына сыйға тартты

Тек махаббат пен сенім: Баян Алагөзова қыздарын қалай тәрбиелейтінін айтып берді

Қысқа кисең ұятсыз, ұзын кисең ваxабиссің: Айнұр Тұрсынбаева көпшілікке ренішін жеткізді

Талқылау