Жұлдыз Өмірғали: Айқынның әйелі бар екенін білмедім (видео)

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасында қонақ болған Жұлдыз Өмірғали жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беремін деп көз жасын тыя алмады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агентігі.

https://www.instagram.com/p/BqEilw6hNa1/

Оның айтуынша, ол Айқынмен жүріп бастаған кезінде оның әйелі бар екенін білмеген. «Елдің бәрі Айқын екеумізді тек ұзату алдында жүріп бастады деп ойлайды. Алайда Айқынмен бірге болғанымызға ендігі үш жылдан асты. Мен басында оның отбасы бар екенін білмедім. Жүргенімізге жарты жыл болған кезде Айқынның әйелімен бірге түскен бейнебаяны шықты», – дейді Жұлдыз.

Көз жасын ұстай алмаған әнші жұрттың өзін табалап, кінәлайтынына қапа болғанын айтты.  «Халық мені әрдайым «отбасын бұздың» деп кінәлайды, тіпті қарғайды. Соған қиналамын», – дейді ол.

Отбасы бар екенін білген Жұлдыз Айқынмен ара-қатынастарының бір айға үзілгенін мәлімдеп, артынша Айқынның таңдауы өзіне түскенін жеткізді.

«Оның отбасы бар екенін білген соң, біз бір айдай сөйлеспей кеткен болатынбыз, кейіннен келіп мені таңдайтынын айтқан соң қосылдық. Осылайша қарым-қатынасымызды жасырып жүрдік. Айқын маған әзірге ешкімге айтпауға кеңес беріп, сәті келгенде бәрін өзі түсіндіретінін айтты. Әлі күнге дейін Айқынның айтқанынан шыққан емеспін, не істе десе, соны істеймін», – деп ағынан жарылды.

Сонымен қатар, өзінің экс-продюсері Баян Мақсатқызынан да атына кір келтіргені үшін кешірім сұрап, бір жылап алды.

Естеріңізге сала кетсек, Айқын Төлепбергеннің отбасы жайлы берген сұхбатын жариялаған болатынбыз.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар