Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова ел алдына шыққан балаларының болашағына алаңдайтынын айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова сахнаға шығып, қазіргі уақытта ата-анасымен бірге гастрөлдетіп жүрген балаларының болашағына алаңдап жүр. Айтуынша, мектепте баз біреулер Қайрат Нұртастың қос қызына ән нәрсе айтып, тиіскен. Дәл осы себепті Жұлдыз балаларын артық сөз бен көзден аулақ ұстауға тырысуда.

Жұлдыз Әбдікәрімова

Бұл туралы Жұлдыз 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Қорқасың, көп жарияламауға тырысып жүрмін. Тіл бар, көз бар. Балаларды қоршап жүрміз. Себебі мектепте әр адам әртүрлі ғой. Кейбіреулері баланың психикасына зақым келтіруі мүмкін. Сен осындай адамның баласысың. Неге осындайсың? – деп тиісуі мүмкін. Өйткені қыздарыма 1-2 адам солай тиіскен. Сондықтан қазір қыздарыммен өзім көп сөйлесіп жүрмін. Осыдан кейін ауыр тимесін, сол қалпында қалсын деп әрқайсысымен жеке сөйлесіп жүрмін. Ол -менің міндетім”, – дейді Әбдікәрімова.

Перзенттерін сырт көзден аулақ ұстауға тырысып жүрген Жұлдыз тіпті, оларды әжелерінің туған күніне ертіп әкелмепті. Алайда бүлдіршіндер әжелеріне арнап видео-құттықтау жолдаған болатын.

“Балалар, көбінесе, туған күнге барған кезде осы әнді айтады. Сондықтан өздері осы ұсынысты тастады. Жақсы дедім, сонымен ән айтты, артынша тілектерін айтты”, – дейді Жұлдыз.

Тағы оқыңыз: 

Белгілі КТА ойыншысы шаңырақ көтерді (фото)

Нұржан Керменбаевтың жары күйеуі гастрөлде жүргенде жалғызсырап қалатынын айтып, жылап қалды

Айсәуле Бақытбек: Әкелер ұлдарына жыныстық қатынас кезінде сақтану жолдарын үйретуі керек

Түйсігі мүгедектер: Ерке Есмахан ажырасқаны үшін сын айтқандарға жауап берді

Талқылау