Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүкті әйел босану кезінде қайтыс болып, сәбиі туғаннан кейін тіріліп кетті

Колорадо-Спрингс тұрғыны Николь Хилл босану кезінде клиникалық өлімді бастан кешкен. Ол сәбиі туылғаннан кейін тіріліп кетіпті.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mamma Mia порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Үшінші перзентіне жүкті болған әйел толғағы басталғаннан кейін тұншыға бастаған. Дәрігерлер оған оттегі жіберетін бетперде кигізгенімен, жағдайы жақсармапты. Осылайша, әйелдің жүрегі тоқтап қалған. Осы кезде дәрігерлер сәбиді аман алып қалуды ғана ойлайды. Хирург бірден кесір тілігін жасап, сәби аман-есен дүниеге келіпті.

Сол сәтте Никольдің жүрегі қайта соға бастаған. Әйел шамамен 4,5 литр қан жоғалтқан екен. Анықталғандай, босанушы әйелдің толғақ кезінде қағанақ суы қанына түсіп кетіп, тыныс алудың бұзылуына алып келген көрінеді.

Никольдің күйеуі Энтони сол кезде қандай күйде болғанын айтып берді.

«Мен Николтмен қоштасып, бетінен сүймек болдым. Алайда кенеттен дәрігерлер оның жүрегі соға бастағанын және жағдайын тұрақтандыратынын айтты», - дейді ол. 

Артынша дәрігерлер әйелге басқа қан құйған. Арада бірнеше күн өткеннен кейін жас босанған ана қолына сәбиін алды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр