Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұбаныш Жексенұлы сыртынан әңгіме айтқан Қайрат Нұртасқа өкпелі

Аға буын өнердегі інілерінің таланттарына тәнті болғанымен, талғамдарына сүйсіне алмайды. Мысалы, Жұбаныш Жексенұлы Қайрат Нұртасқа ақыл айтып, сол пікірімен оған жақпай қалған.

жубаныш кайрат 1508

Бұл туралы Zhuldyz.tv арнасы хабарлады.

“Мысалы, Қайрат Нұртасқа “халықтың осы махаббатын пайдаланып, әндеріңнің сөзін түзулеп, күшті Қадыр Мырза Әлидің немесе Аққұштап Бақтыгерееваның сөзіне жаздырмайсың ба? Күште емес пе?” деп айтқам. Ол мені тыңдады ма, тыңдамады ма, білмеймін. Содан кейін тағы бір өлең айтып жүр қарақалпақтан ба келген”, – деді Жұбаныш Жексен.

Сонымен Қайрат ақыл айтқан ағасын басқаша түсінген болып шықты. Әлде талғамда талас жоқ дегенді алға тартты ма екен?

“Осылай ақыл айтсаң, олар көре алмайды деп ойлап, одан кейін сыртыңнан әңгіме айтып, жау қып жүреді. Сыртыңнан айтқан әңгімені сырттан естисің ғой бәрібір, бірақ ол үшін өшігіп алмайсың. Сосын “Ауырмайды жүрек” деген 100% хит ән, оны Қайрат Нұртас айтса да, басқа біреу айтса да, хит болатын ән, материалдың өзі сондай”, – деп түйіндеді сөзін Жұбаныш.

Жіберіп алмаңыз:

Андрей Малахов декреттік демалысқа шықпақ

Гүлзира ханым үйіне келінін адыраспандап, үкі тағып кіргізді (видео)

Сегіз қырлы, бір сырлы: Тәуекел Мүсілім тағы бір өнерімен таңғалдырды (видео)

Зәулім үйінің алдында беташар өткізген Гүлзира Айдарбекова елді тәнті етті (видео)

Талқылау