Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жоспарым мен арманым болды: Алматыда өз әріптесін атып өлтірген полицей соңғы сөзін айтты

Алматыда өз әріптесін атып өлтірген полицей сотта соңғы сөзін айтты. Азамат Берістемов марқұмның туыстарынан өмір бойы кешірім сұрап өтетінін жеткізді. Сондай-ақ, оның кісі өлтіру туралы ойы болмағанын атап өтті. сотталушының сөзінше, сол күні ол өз отбасындағы қиындықтары туралы ойлап жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Суретте марқұм Сәбит Бегланұлы

«Тамыз айының соңы еді. Күзгі жаңбырларға дейін әкеме ескерткіш қою керек болатын. Сол күні мен нені ойладым?! Менің алдағы өміріме басқа жоспарларым мен армандарым болды. Алайда мен қасақана өлтіру туралы айтып тұрғаным жоқ. Жақсы көретін әйелім, ұлым, анам, туыстарым, әкем үшін намысым бар. Менде оныкіндей бедел болса, ешқашан мұндай қадамға бармас едім», - дейді сотталушы. 

Өз сөзінде Азамат Берістемов кінәсін сезінетінін айтты. 

Аталған іс бойынша сот шешімі бүгін шығарды. Марқұм Сәбит Бегланұлының туыстары оны барынша ұзақ мерзімге қамауды сұрады. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше, 26 қыркүйекте, Алматыда полицей әріптесіне оқ атқан еді. Берістемов сол күні кезекшілікке түсіп, күйеу баласын көріп қалып, онымен сөйлеспек болады. Оны адам жоқ жерге барып, қаруды басына тақап қорқытады. Әріптесі төмен еңкейгенде, ол да қаруды тақаймын деп атып алады. Әріптесі ауруханаға жеткізіліп, кейін жансақтау бөлімінде қаза болды.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр