Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жомарт Ертаевты Қазақстанға беру туралы шешім күшіне енді

Ресейде жасырынып жүрген «Банк RBK» АҚ директорлар кеңесінің төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевты Қазақстанға беру туралы шешім күшіне енді.

Жомарт Ертаевты

Бұл туралы «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

14 наурызда Ресей Федерациясының Жоғарғы соты банкирдің қорғаушысының шағымын қайтарып, экстрадициялау туралы шешімді күшінде қалдырды. 

Айта кетсек, бұған дейін Жомарт Ертаевты Қазақстанға беру туралы шешім қабылданған еді.

Еске сала кетсек, Жомарт Ертаев Қазақстанда «Банк РБК» банкінен 80 миллион АҚШ долларын ұрлаған деп айыпталып отыр. Бұрын Ресейдің бас прокуратурасының Жомарт Ертаевты Қазақстан билігіне беруден бас тартқаны туралы оның қорғаушысы айтқан болатын.

Биылғы жылдың мамыр айында ол Мәскеуде тұтқындалып, үй қамағына алынған еді. Артынша мемлекеттік айыптау бұл шараға қарсы болып, Ертаев тергеу изоляторына тоғытылды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр