Жомарт Ертаев Астанаға жеткізілді
ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері Жомарт Ертаевты қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Өткен жылдың наурыз айында Ертаевқа халықаралық іздеужарияланған еді. Ол 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдаланып, тағы басқа тұлғалармен алдын ала келісу арқылы BANK RBK АҚ-дан 144 млрд теңгені жымқыруды ұйымдастырды деп күдіктеліп отыр.
Ертаевпен бірге 54 адам ақша жымқырды деп күдіктелуде. Тергеу барысында қабылданған шаралар арқылы 15 млрд теңге қайтарылып, 48 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.
Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар тергеуді аяқтады. Процесс қатысушылары іс материалдарымен танысуда. Жомарт Ертаев Астана қаласындағы тергеу изоляторына тоғытылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей соты Ертаевты Қазақстанға беру туралы шешім шығарған еді. Күні кеше аталған шешім күшіне енді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.