Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолымыз екіге айырылды: Асхат Тарғын тұңғышына өлең арнап, көзіне жас алып қалды (фото, видео)

“Чип-чип” әнімен танылып кеткен Асхат Тарғын алғашқы жеке шығармашылық кешін берді. Осыдан 4 жыл бұрын Алматыға арман қуып келген өнер иесі күні кеше республика сарайында тыңдармандарының басын қосты. Тарғынның шығармашылық кешіне Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі де қатысып қайтқан еді.

Жолымыз екіге айырылды: Асхат Тарғын тұңғышына өлең арнап, көзіне жас алып қалды (фото, видео)

Халық Асхаттың “Мария Магдалена”, “Жеңге” сынды той төрінде орындалатын әндерін жақсы біледі. Алайда Асхаттың репертуарында ана мен әкеге, туған жерге, қазақ тіліне арналған салмақты да патриотты әндер жетерлік.

Алатаудың баурайында ән кешін берген Асхаттың да басты мақсаты – көпшілікке өзін басқа қырынан таныту, шығармашылығымен таныстыру еді. Әнші діттегеніне жетті. Оңтүстік астананың бас концерт залы халыққа толды, тіпті ине шаншарға орын болмады.

Жолымыз екіге айырылды: Асхат Тарғын тұңғышына өлең арнап, көзіне жас алып қалды (фото, видео)

Асхат Тарғын концерт кезінде ата-анасына құрмет көрсетіп, халыққа таныстырды. Немерелерімен бірігіп, анасына гүл шоқтарын ұсынса, әкесіне шапан жапты.

Кеш барысындағы ең әсерлі сәт – Асхаттың қызы Айымға арнап өлең оқығаны. Тағдырдың жазуымен, жолдарының екі бөлек айырылғанын жырға арқау еткен Тарғын сахнада тұрып, көзіне жас алып қалды.

Жолымыз екіге айырылды: Асхат Тарғын тұңғышына өлең арнап, көзіне жас алып қалды (фото, видео)

Әйткенмен, қызғалдағы үшін барын беруге дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, Тарғынның тұңғышы Айым әншінің бірінші некесінен туған. Бүгінде әкесінен жырақта Ақтөбе өңірінде тұрады. Айым концерт барысында әкесімен бірге дуэт шырқап, жеке әнімен де сусындатты.

Ал танымал эстрада жұлдыздарынан Жанар Айжанова, Ақылбек Жеменей мен Тамара Асар Асхат Тарғынға қолдау көрсетіп, алғашқы ән кешінде онымен бірігіп дуэт шырқады.

Жолымыз екіге айырылды: Асхат Тарғын тұңғышына өлең арнап, көзіне жас алып қалды (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау