Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолдасов бір қолының екіншісінен қысқа болуының себебін түсіндірді

Қазақ эстрадасында отыз жылдан бері образы мүлдем өзгермей, көкке көтеріліп, қошеметке бөленсе де, сол баяғы қарапайым қалпын сақтап қалған талантты азаматтар бар. Солардың бірі жұрт иығына түскен шашы мен қолынан тастамайтын гитарасы арқылы танитын – Ұлықпан Жолдасов. Әнші “Жансырым” бағдарламасында бала күнінде ажал аузынан аман қалғанын, бір қолының екіншісінен әлдеқайда қысқа екенін айтып, соңғы жаңалықтарымен бөлісті.

9224476

Фото: instagram.com/lukpan_zholdasov/

Музыкант, композитор, продюсер Ұлықпан Жолдасов “Алтынай” атты әнінің арқасында халыққа танылған. 1987 жылы киелі сахнаға өнердегі ағасы әрі продюсері Ұлықпан Есеновтың көмегімен шыққан. “Ұлықпан Есенов атты ағамыз бар. Ол кісі қазір дүниеден өтіп кетті. Жастардың тілімен айтқанда, сол кездегі продюсерім десем де болады. Ағалық көмегін аямай, қайта-қайта тамашаға шығарып жүрді. “Алтынай” атты әнімді бүкіл халыққа таныстыруға мүмкіндік берді. Яғни өнердің биігіне шығуыма бірінші Алла, екінші осы ағам көмектесті”, – деп әнші өмірлік ұстазына алғысын білдірді.

“Неге солай”, “сәби бақыты” сынды көптеген танымал хиттері халық аузында жүрген әншінің өмірінде түрлі дос болған. Олардың біреуі бұлт үйірілгенше қасында болса, енді бірі қиын-қыстау сәтте көмек қолын соза білген.

1

Ұлықпан Жолдасов журналистің “Дос құшағы жаздай демекші, сіз үшін достық не нәрсе?” деген сұрағына “Мұны айту қиындау. Себебі қиын кездерде теріс айналып кеткен, осы күнге дейін қатар келе жатқан достарым да бар. Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра демекші, мәселе жасыңның жиырмада немесе елуге келгенінде емес. Өмірді қалай сүріп жатқаныңда. Жақсы достарым да, келіспей арамыз суыған достарым да жүр. Соңғысы өздігінен сұрыпталып, жоғалып кетеді екен”, – деп жауап берді.

11-12 жасынан ансамбльде ойнаған әнші түрлі аспапты бала күнінен меңгерген екен. Бұл туралы “Үшінші сынып оқитын кезім. Біздің ауылдағы клубка кім көрінген кіре алмайтын. Бәрі терезеден қарайды. Пердесін жауып қойса, тесіктен сығалайды. Бақытжан деген 1954 жылғы ағамның арқасында ол жерге кіріп, дайындықтарды көруге мүмкіндігім болды. 10-15 минутқа темекі тартуға шығып кеткен кезде, жүгіріп барып барабанда ойнап, гитараны дыңғырлатамын. Аналар келе жатса, қашып кетемін. Өстіп жүріп бүкіл аспапты меңгеріп алдым”, – деп әнші өнерге жастайынан қызығып өскенін жеткізді.

11248184_1609472405976809_825886981_n

photo_78092

Ары қарай “Қазір де аллаға серік қоспа деп айтып жатады ғой. Біз Совет заманында өстік. Бір құмалақшы Аюб деген атамыз болатын. Анамның қазір көзі тірі, өзі тоқсан жаста. Осы күнге дейін ине сабақтап, көрпе тігіп отырады. Әлгі құмалақшы атамыз анама “Сенің кенже ұлыңның желкесінде аппақ қал болуы мүмкін. Соның үстін күнде таңертең тамақ ішпей тұрып пастамен дөңгелектеп сыз. Уақыт өте келе өзі қарайып жоғалады. Егер жаңағы мен айтқан қал бар болса, балаңның жеті мүшесінің біреуі кем болады. Ал жоқ болса, балаңның өміріне қауіп төніп тұр” деп айтқан екен.

Атамыздың осы сөзінен кейін анам мені шақырып алып желкемді қарады. Бала болған соң аса мән бермедім. Күнде таңертең жылатып оятып, қалдың үстіне паста жағады. Содан әлгі қал қарайып, желкемде үлкен дақ қалып қойды. Үшінші сынып оқып жүргенімде қолым сынды. Қолымның біреуі екіншісінен қысқа. Бірақ гитара мен домбырада ойнауға ешқандай да кедергісін тигізбейді. Яғни осылайша жеті мүшемнің біріне зақым келді”, – деп  бала күнінде бір ажалдың аузынан қалғанын айтып берді.

 

Әнші сәуірдің 5 жұлдызында тыңдармандарына өзінің жұбайы Айған Жолдасовамен бірге орындайтын “Арнау” атты туындысын ұсынды.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлықпан Жолдасовтың мерейтойлық тортының бәрінен ерекше болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау