Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушылар ұшағы маңынан белгісіз нысан ұшып өтті

28 қыркүйекке қараған түні Томск облысы әуе кеңістігінде үш жолаушылар лайнерінің экипажы жарық шашқан тылсым нысанды байқады, деп жазды Newsru.com.

42

Агенттіктің мәліметтері бойынша, «Аэрофлот» ұшақтарының Қытай және Корей әуе жолдарының ұшу экипаждары Мәскеу уақытымен түнгі үште Томск облысынан 120 шақырым жерде жарық шашқан нүктені байқаған. Аз уақытта ол нүкте бөліктерге бөлініп, тарап кеткен.

Алдын ала болжам бойынша, экипаждар метеориттің жер атмосферасына енуін және жанып кетуін көруі мүмкін, дейді ақпарат көзі. Оның айтуынша, аталған аудандағы әуе оқиғасын төтенше қызметтер растаған жоқ.

Осы аптада Омбы планетариінің директоры Владимир Крупко облыстың солтүстігіндегі Знаменск ауданында болған жер қозғалысы метеориттің құлауынан деп болжаған еді. Қуаты 4,7 магнитуда болды деп хабарланған жер сілкінісін аймақтық ТЖМ теріске шығарды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Өткен жылдың қараша айында Омбы тұрғындары аспаннан ерекше жарқыраған нысан көріп, оны БҰН немесе метеорит деп ойлаған еді. Алайда, олардың Астарахань облысындағы Капустин Яр полигонынан стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлерінің РС-12М «Тополь» құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынау үшін ұшырылғаны анықталды.

Жіберіп алмаңыз:

Қапшағайда жауынгер кіші сержантпен болған жанжалдан соң көз жұмды

Евгений Тищенко қазақтарға деген өкпесін айтты

Астанада “қытайларға жер сату” дауы бойынша Бердібек Сапарбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Талқылау