Жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, оның құлаған сәті видеоға түсіп қалған (видео)
Ресейде Ненец автономды округында Ан-2 ұшағы жерге құлап, 3 адам қаза тапты. Ұшақтың құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Соңғы деректерге сүйенсек, борттағы 3 адам қаза тапты. Олар: Олимпиада- 2014 алаушысы және Красное кенті бұғы бригадасының бригадирі Игорь Ледков, 30 жастағы әйел адам және 4 жасар бала.Қалғандары әртүрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Ресейдің тергеу комитеті ұшақ апатының 3 себебі болуы мүмкін екенін айтты. Олар: қолайсыз ауа-райы, қауіпсіздік ережесінің бұзылуы және қозғалтқыштың істен шығуы. Ауданда 20 желтоқсан қаралы күн деп жарияланды.