Жолаушыға кәуәп шанышқысын тығып өлтірген теміржол жолсерігі сотталды

Сенбі, 15 Қазан , 2016 12:40

Алтай аймағының Алей қалалық соты қылмыстық оқиғада кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты сот үкімін шығарды. Ол Ресей федерациясы қылмыстық кодексінің 111 бабының 4 тармағына сәйкес, қару ретінде адам өміріне қауіп туғызатын зат қолданып, абайсызда жәбірленушіні өлтіріп алғаны үшін сотталды.

шампур

Бұл туралы Батыс-Сібір көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Сот 2015 жылдың 19 тамызында №301 Новосібір-Алматы жолаушылар пойызы жолсерігінің 19 плацкарттық вагондағы жолаушылардың біріне ұрыс кезінде кәуәп шанышқысын тығып алғандығын анықтады. Жолаушы Топчиха стансасынан отырып, Алей стансасынан түсуі керек болған. Жәбірленуші алған жарақатының салдарынан оқиға орнында көз жұмды», — делінген мәлімдемеде.

Сот айыпталушыны 8 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Қылмыскер жазасын қатаң режімдегі колонияда өтейтін болады.

Осыған ұқсас жағдай 4 шілдеде Украинада орын алған еді. Киев қаласының Днепр ауданында болашақ қайын атасы өз қызының сүйіктісін кәуәп шанышқысымен өлтірген. Отбасылық мереке барысында болашақ күйеубала мен қайын ата дауласып, ақырында жекпе-жекке шығуға бел буған. Қару ретінде азаматтар кәуәп шанышқысын қолданған. Дуэль барысында ер адам өз қызының сүйіктісін жарақаттап, салдарынан жәбірленуші мерт болған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Адам қағып өлтірген экс-полицейдің әйелі қайта түрмеге қамалатын болды

АҚШ-та жоғалған “Болашақтық” студенттің парақшасында Қазақстанға оралғысы келмейтіні жайлы хабарлама пайда болды

Террористерге қарсылық көрсете алмаған ақтөбелік полицейлер айыпталып жатыр

ШҚО-да оқушы қызды зорлап өлтірген жігіт 25 жылға сотталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар