Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Жол полициясы қызметкерлеріне алатаяқтың орнына жеңдіктер мен қолғаптар беріледі

ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов жол-патрулдік полицейлер жезлдің орнына нені қолданатынын айтып берді.

781882

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

ІІМ жаңа ережелері бойынша жұмыс кезінде жезл пайдалануды тоқтатқан жол-патрулдік қызметкерлерге жарықты шағылыстыратын жеңдіктер мен қолғаптар беріледі деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

“Жол-патрулдік полиция қызметінде жезл пайдалану алынып тасталғандықтан, өңір әкімдерінің қолдауымен ЖПҚ қызметкерлеріне жарықты шағылыстыратын жеңдіктер, ақ қолғаптар және басқа да нысанды киім элементтерін беру мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз”, — деді Қасымов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, әкімдіктердің қолдауымен ауылдық учаскелік инспекторлар көлігін дауысты ұлғайтқыш құрылғылар және жарық сигналдарымен жарақтандыру жоспарда бар.

Жіберіп алмаңыз:

Алматылық келіншек: Анам ағаларыммен қосылып арақ ішеді

Шымкентте әйелі мен баласына АИТВ (ВИЧ) ауруын әдейі жұқтырған отағасына сот үкім шығарды

Саудагерлерді үркітіп ақша алған тараздық қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Ақпан, 2017 10:30
Талқылау