Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол ережесін бұзған қазақстандықтар айыппұлды ендi онлайн режимде төлей алады

Жол қозғалысы ережелерiн бұзған қазақстандықтар айыппұлды ендi онлайн режимде төлей алады. Жаңа ереже жайлы ҚР ИДМ вице-министрi Сәкен Сәрсенов Орталық коммуникациялар қызметiнде «egov.kz» Қазақстанның электронды үкiметi порталының 10 жылдығы тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

ымым

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Вице-министрдiң айтуынша, жақын арада жол қозғалысы ережелерiн бұзған қазақстандықтар айыппұлды барлық ХҚКО-да және «электронды үкiмет» порталы арқылы электронды түрде төлей алады.

«Қазiргi таңда ҚР Iшкi iстер министрлiгi iшкi жұмыстарын атқарады. Олар өз ақпараттық жүйелерiн ықпалдастырып жатыр. Бiрiншiден, ереже бұзушылықтарды тiркейтiн фотоаппараттар, екiншiден, әкiмшiлiк жол полициясының хаттамаларды толтыру мәселелерi қарастырылып жатыр. Бұл интеграция бiр жарым ай уақытты алады. Одан кейiн азаматтарда барлық ХҚКО-да айыппұл төлеу мүмкiндiгi пайда болады. Оның iшiнде айыппұлды электронды үкiмет порталы арқылы электронды түрде, онлайн режимде төлеуге болады», – дейдi вице-министр.

Оның айтуынша, қазiргi таңда мұндай мүмкiндiк тек арнайы ХҚКО-ларда ғана бар.

Талқылау