Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол бойында қансырап жатқан жолаушылар: Алматы облысында автобус аударылды (видео)

Алматы облысында жолаушылар автобусы аударылып, нәтижесінде 19 адам түрлі жарақатпен медициналық көмекке жүгінді.

Алматы облысында автобус аударылды: Жолаушылар жол бойында қансырап жатты

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Куәгерлер түсірген видеода жолаушылар автобусының ауылдың маңындағы тоғанда аударып жатқанын көруге болады. Ғаламторда жарияланған видеода жол бойында жарақат алып, қансырап жатқан жолаушылар да көрінеді.

Апат салдарынан жарақат алған 29 жолаушы, оның ішінде 19 ересек пен 10 бала медициналық көмекке жүгінген. Оған қоса ауыр жарақат алған үш жолаушы ауруханаға жатқызылды. Медициналық мекемеге жеткізілгендердің біреуі бас жарақатын алса, екіншісінің иығы сынған. Сондай-ақ, үшінші жолаушы 1990 жылы туылған жүкті әйел, ол түсік тастауы мүмкін деген күдікпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Сонымен бірге, бес бала облыстық балалар ауруханасына емделуге, ал қалғандары амбулаторлық ем қабылдауда жіберілді.

Алматы облыстық полициясының баспасөз қызметі де 22-ші тамыз күні, сағат 10.00-де Іле ауданының Ащыбұлақ-Көкқайнар-Батыр тас жолында жолаушылар автобувының аударылғанын растады. Хабарламаға сүйенсек, аударылған 419 автобусты 25 жастағы жүргізуші басқарған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау