Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатында аяғынан айырылған Парафиеваға тағы бір ота жасалды

Алматыда жантүршігерлік жол апатына ұшырап, екі аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиеваға кезекті рет ота жасалды.

565656

Бұл туралы Парафиева өзінің желідегі парақшасында жазды.

“Сәлем достар! Әрине күш пен энергияға толы суреттерімді көрсеткім келді. Жасап жүрген жаттығуларымның. Ол суреттер басыңыздан не өтіп жатқанына қарамастан сіздің алға қарай ұмтылуыңызға себеп болса деймін. Қаласам да, қаламасам да дәрігердің айтқандарымен келісіп, емделіп жатырмын. Аяқтарыма тағы да операция жасалды. Өзімді жақсы сезінудемін. Әлі де жақсарып кету үшін күш жинап жатырмын”, – деп жазады ол.

Еске салсақ, жол апаты 16 маусым күні Әл-Фараби даңғылының бойында болған. Ол көлігінің жарылған дөңгелегін ауыстырмақ болып сыртқа шыққан кезде, жол апатына ұшырайды. Парафиева екі бірдей көліктің ортасында қыстырылып қалған.

Бұған дейін ол отандастарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп үндеу жолдаған еді.

Оқи отырыңыз:

Жүрек талмасы ұстап қалған жағдайда 10 секунд ішінде өзіңізді құтқарып қалу жолын үйреніңіз

Қатерлі ісіктің дамуының басты 7 себебі

Жүрек талмасы болардан бір ай бұрын байқалатын 8 белгі

Асқазанда құрт барын қандай белгілерге қарап білуге болады?

Талқылау