Жол апатына ұшыраған 80 жастағы ерлі-зайыпты бір-бірінің қолынан ұстап, жібермей қойды

Англияда егде жастағы ерлі-зайыпты жол апатына тап болды. Қария көлікті басқара алмай,  нәтижесінде көлік жолдан ұшып кеткен. Салдарынан 80 жастағы ерлі-зайыпты быт-шыты шыққан көлікпен ағаштардың арасында қысылып қалған.

Жол апатына ұшыраған 80 жастағы ерлі-зайыпты бір-бірінің қолынан ұстап, жібермей қойды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға орнына құтқару қызметі жетті. Олар гидравликалық құралдың көмегімен ерлі-зайыптыны көліктен шығарып алды. Оларды зембілге жатқызған кезде, бір-бірінің қолынан ұстап жібермей қойған. Екеуі бірін-бірі жіберуден қатты қорқыпты.

Жол апатына ұшыраған 80 жастағы ерлі-зайыпты бір-бірінің қолынан ұстап, жібермей қойды

Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты ауруханада жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр