Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот Челахтың жазасын жеңілдетуден бас тартты

Жоғарғы соттың сот алқасы Арқанкергендегі оқиғадан кейін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың шағымын қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Владислав Челах

Жоғарғы сотың кассациялық алқасы қылмыстық іс бойынша сот актілерінің бәрін өз күшінде қалдырды. Ал Владислав Челахтың өтінішін қанағаттандырмады.

«Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық әскери сотының, ҚР қылмыстық істер бойынша әскери сотының аппеляциялық сот алқасының сотталушы Владислав Селахқа қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырып, Челахтың өтінішін қанағаттандырмады. Уәждемелі қаулы сотталған Челахқа және процестің қатысушыларына жіберіледі», – дейді сот төрағасы Абай Рахметулин.

Ал Челахтың қорғаушысы оған 30 миллион теңге көлемінде өтемақы төленуін сұрады.

Челахтың өзі кассациялық шағымның қаралуына қатысқан жоқ.

Айта кетсек, бұған дейін Владислав Челах Жоғарғы сотқа жүгініп, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің шешіміне байланысты, өз ісін қайта қарау туралы өтініш түсірген еді.

Еске сала кетсек, «Арқанкергендегі» жантүршігерлік оқиға 2012 жылдың 30 мамырында болған. Өртеніп кеткен заставада 14 шекарашы мен қорықшының денесі табылған еді. Кейін бұл қылмысқа сонда борышын өтеп жүрген Владислав Челах кінәлі деп танылып, ол өмір бақи бас бостандығынан айрылған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау