Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып кеткен теңізшілер жапырақтармен жазылған Help сөзінің арқасында табылған

 

АҚШ-та кеме апатының кесірінен үш теңізші елсіз аралда үш күн өткізеді. Тынық мұхитының оң жағалауында жоғалған үш адам Help (“Көмектесіңдер”) сөзінің арқасында құтқарылған. Олар аталмыш сөзді пальма жапырақтары арқылы жазып шығыпты.

160410065517_pacific_island_624x351_reuters_nocredit

Сурет Reuters

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Теңізшілер 4 сәуір күні шағын қайықпен бірнеше сағатқа ғана жүзіп қайтуға шығып кетеді. Алайда көп ұзамай теңізде дауыл басталып, толқындар легі қайықты өз арнасымен бұрып әкетеді. Үстеріне қауіпсіздік киімдерін киген теңізшілер жақын маңдағы аралға дейін 3,5 шақырымды жүзіп барады.

5 сәуір күні Чуук штатының билігі АҚШ-тың жағалау күзетіне теңізшілердің жоғалғаны туралы хабарлап, іздеу жұмыстары басталады. Бұдан соң жағалау күзеті АҚШ-тың Жапониядағы әскери теңіз күштерінен көмек сұрайды. Нәтижесінде теңізшілерді бейсенбі күні Boeing P-8 Poseidon ұшағы арқылы шыққан патрульдік экипаж тауып алған.

Талқылау