Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып кеткен ит 3 ай бойы өрт орнында иелерін күткен (видео)

АҚШ-та иелері өрттен кейін жоғалып кеткен итін 3 айдан кейін тапты. Ол өрт болған жерде иелерін күткен.

Жоғалып кеткен ит 3 ай бойы өрт орнында иелерін күткен

Калифорния штатында тұратын Байехос отбасы 12 жастағы иті Кингстонды қараша айында болған алапат өрт кезінде соңғы рет көрген. Эвакуация кезінде ит жүк көлігінен секіріп, қашып кеткен. Өрт болып жатқан жерден оны іздеуге ешкімнің батылы бармапты, деп жазады KXTV порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Отбасы ит тірі қалды деп үміттеніп, оны іздестіре бастаған. Олар ғаламторда хабарландырулар жариялап, иттің суретін көшелерге ілген. Осылайша жергілікті тұрғындардың бірі суреттен Кингстонды танып, еріктілерге итті көргенін айтады.

Кейіннен еріктілер өрт болған жердегі бейнебақылау камерасындағы жазбадан Кингстонға ұқсайтын итті байқап қалыпты. Олар сол маңайға тұзақ орнатып, жексенбі күні ит тұзаққа түсіп қалған. Артынша еріктілер итті иесіне қайтарып берді.

«Оның бізді күткенін білгенде, жылап жібере жаздадым. Бұған сене алмаймын. Ол шынымен де тірі қалды», – дейді иттің иесі Габриэль Байехос.

Оның қызы Малеа итті көрген кезде еркісіз жылап жіберіпті.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қараша айында АҚШ-тың Калифорния штатында алапат өрт болған еді.


Тағы оқыңыз: Иттер туралы таңғажайып мәлімет

Талқылау