Жоғалған ер адамның денесінің қалдықтарын жылан ішінен тауып алды (видео)
Индонезия полицейлері жоғалып кеткен ер адамның денесін жылан ішінен тауып алды. Сулавеси аралында Акбар есімді жігіт жоғалып кеткен еді.

Олар жылан ішінде әлдененің барын байқаған соң, ішін жарып көрмек болады. Жігіт жоғалып кеткен соң тұрғындар ертесі күні полицияға хабарлаған.
Бравиджая университетінің биологы Ния Курниаван мұндай питон жыландардың әдетте қабан, жабайы ит секілді үлкен жануарларға ауыз салатынын айтады.
Питондар адамдар бар жерден қашық жүреді. Алайда, пальма ағаштарының жанында қабандар жүретіндіктен сол маңды торуылдайды. Құрбан болған жігіт пальма теру үшін аттанған. Жылан да жемтігіне сол кезде бас салған.
Жіберіп алмаңыз:
Үндістандықтар ыстықтан қиналған жабайы әбжыланға бөтелкемен су берді (видео)
Анасы 2 жасар қызына жақындап қалған үлкен улы жыланды суретке түсіріп алды
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"