Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жириновский ресейлік банкнотқа Алматының суретін енгізуді ұсынды

Ресейлік либерал-демократиялық партия көшбасшысы Владимир Жириновский 2000 рублдік банкнотқа туған қаласы Алматының келбетін де енгізуді ұсынды.

жирин

Бұл туралы ldpr.ru хабарлайды.

“Біз 200 рублдік купюроға Зюганов туған Мымрино ауылының суретін енгізуді ұсынамыз. Бұл Геннадий Андрейұлына деген құрметіміз болар еді. Ал 2000 рубль банкнотына Владимир Жириновсий өмірге келген Алматы қаласының да суретін енгізуді ұсынамыз. Бұл Ресей мен Орталық Азия достығының белгісі. Қазақстан бұл қашан да Ресейдің сенімді серігі”, – делінген партияның ресми сайтында.

РФ орталық банкі 200 және 2000 рублдік банкноттардың қайта рәсімделуін қарастыруда. Жаңа купюралардың өзгерісі туралы орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина хабарлады. Бұл жаңалыққа Ресей қаржы бақылаушыларының қандай көзқарас танытқаны әзірге белгісіз.

Ресейлік даулы саясаткер Владимир Жириновский Ресей мен шет мемлекеттерде де шулы мәлімдемелерімен танымал.

Талқылау