“Жігіттерлік” Айдар шай кәсібін тастап кетті

Сейсенбі, 8 Тамыз , 2017 10:22

Былтыр “Жігіттер” квартетінің белді мүшесі Айдар Тұрғанбек шай шығару кәсібін қолға алған еді. “Айдар” шайдың жарнамасы бүкіл елді шарлады. Алайда Айдар бір жылдан кейін бұл кәсібін тастап кеткенін айтты.

20393986_125486084729335_2091491044125310976_n

Бұл туралы “Медиаметрикс” радиосына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әнші не себепті мұндай қадамға барғанын түсіндірді.

“Бір жігіттің ұсынысымен шай өндірісін бастадық. Адам пенде, бір байып қалғысы келеді. Жалпы кәсіпкердің бәрі оңай байып жатқан сияқты көрінеді ғой. Солай байып көреміз деп аштық, бір жылдай істедік. Соңғы жағында менің ісім емес екенін түсіндім. Өйткені менің ойым басқада болды. Өнерімнің қалып бара жатқанын түсіндім және де отбасыма уақыт бөле алмай қалдым. Әйелім де: «Уақытыңыз жоқ боп кетті. Үйде тұрмай кеттіңіз ғой», – деп айтты. Соңында бұл нәрсені істемей-ақ қояйын деп шештім. Алла өзі маған іс нәсіп қылар болашақта. Бірақ шай емес екен деп, рахметімді айтып, ол жерден кеттім”, – дейді Айдар Тұрғанбек.

Әншінің айтуынша, шайға деген сұраныс жоғары болған. Себебі шайдың ең сапалысын таңдадық дейді ол.

“Ең бастысы, сапалы шайларды алдырып істедік. Халықты алдамайықшы дедім. Өйткені қиянат қой. Сондықтан бір алған адам қайта-қайта сұрай берді”, – деді әнші ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

“Қолаң” шашымен мақтанған Есболат Беделхан жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Тыңдармандары қазақы стилде ән салатын Қуандықтың өзгеріп кеткенін айтып дабыл қақты (видео)

Салтанат Бақаева екінші рет ақ көйлек киіп, жұртты шулатты (фото)

Жүнісова Кореядан жап-жас болып оралса таң қалмаңыз (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар