Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жігіттер” тобының әншісі ажырасқанына қатысты қауесетке жауап берді

Осыдан біраз уақыт бұрын «Жігіттер» тобының әншісі Мырзаханның жұбайымен ажырасқаны жайлы қауесет қазнетте тараған еді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне жұмған аузын ашпаған төрттіктің мүшесі, Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне жұрт арасында желдей ескен ақпараттың ақиқатын айтуға әзір.

Мырзахан маханов

«Пиар деп ойламайсыздар ма? Сіздің бұл сұрағыңызға әзірге «иә» немесе «жоқ» деп ештеңе айта алмаймын. Бірақ ондай бір ел айтқандай әлі ештеңе болған жоқ. Егер барлығы толықтай солай болатын болса, мен өзім елге айтамын. Менің сыртымнан әңгімелер айтыла берсін. Ол жақсы болсын, жаман болсын. Бірақ уақыт өзі барлығын орнына қойып, жілігін жіктеп, бәрін дәлелдеп береді», – дейді Мырзахан.

Мырзахан жеке өміріндегі өзгеріске қатысты нақты жауап беруге әлі асықпайды. Жұбайымен бірге екенін немесе бөлек кеткенін де жариялауға жүрексінетін секілді. Сондықтан өнер адамы үшін, соңынан ерген сөздердің болуы заңдылық дейді.

«Көзде болсаң, сөзде боласың» – дейді ғой қазақ атамыз. Мүмкін біреу асырып айтар, біреу жасырып айтар. Біреу кемітіп айтады, біреу жеткізіп айтады деген сияқты. Әркім әр түрлі айтады. Мен сөз бен сынға мән бермеймін. Мен өнер адамымын. Менің сыртымнан неше түрлі әңгімелер айтылады», – дейді «Жігіттер» тобының әншісі.

«Жігіттер» квартетінің әншісі, әлеуметтік желідегі жаңалықтарға құмар емес екенін айтады. Арнайы парақша ашқанымен, оны жүргізудің тәсілінен де бейхабар. Ал әр қадамын инста-әлемге жүктеп, оқырмандарына сәт сайын есеп беретін әріптестерінһің әрекеттерін де түсіне алмайды.

«Расын айтайын, мен ғаламторға өте шорқақ адаммын. Инстаграм, фейсбук парақшаларына салақ адаммын. Ол жағынан ұқыпты емеспін. Елдер сияқты қызықты әңгімелер жазып, жиі-жиі пост салу жағынан өте шорқақ адаммын. Тек өнеріме қатысты, жаңа әндер немесе концертке қатысты ақпараттарды саламын. Өзімнен тыс жаңалықтармен бөліспеймін. Бізде қазір өзіне қатысты, қатысты еместің барлығын тарататындар көбейіп кетті ғой.», – дейді Маханов.

Естеріңізге сала кетсек, «Жігіттер» тобының солисі Мырзахан Маханов 2013-ші жылы шаңырақ көтерген.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау