Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жігіттер” квартетінің әншісі аязды күні жүргізушілерді жақсылық жасауға шақырды (видео)

“Жігіттер” квартетінің әншісі Ердос Қанаев автокөлік жүргізушілерін жақсылық жасауға шақырды. Ол аязды күні жолда қалған адамдарды тегін жеткізіп салуды өтінді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Өздеріңіз көріп жатқандай, қазір әсіресе еліміздің шығыс, солтүстік, орталық өңірінде өте қатты аяз боп жатыр. Сондықтан еліміздің солтүстік аймақтарында тұратын бауырларға үлкен өтініш жасамақпын, жолда машина тоқтатқан адамды көрсеңіздер, Алланың разылығы үшін суыққа қалдырмай ала кетіңіздер. Жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын, баршаларыңызға Алла разы болсын”, – дейді Ердос.

Айта кетейік, бірнеше күннен бері еліміздің барлық аймақтарында үскірік аяз жүруде. Еліміздің оңтүстік аймақтарында ауа температурасы – 15-25 градусқа дейін жетсе, солтүстік пен шығыста сынап бағанасы -35-45 градусты көрсетуде.

Жіберіп алмаңыз:

Әнші Бүркіт: Бала кездегі күнтізбем – қора тазалау, аула сыпыру еді

Жазира Байырбекова өз тілін менсінбейтін қазақтарға жан айқайын жеткізді

Алтынай Жорабаева: Сәбитпен араласпаймыз, бақытты болсын

Мақпал Жүнісова: Қызым үйімізге әкемнен басқа еркек кірмейді деп жылады

Талқылау