“Жігіттер” квартетіндегі Айдардың әнін тыңдаған азамат намазға жығылмақшы
“Жігіттер” квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбектің жетімдер туралы әнін тыңдаған азамат дін жолына бет бұрып, намазға жығылмақ ниетте. Қазақстандық азаматқа өнер иесінің тың туындысы қатты әсер еткен, деп жазады Stan.kz.

Басынан өткен хикаясын Айдардың өзі баяндады.
“Кеше жолда келе жатыр едім, артымнан бір көлік қуып келіп, тоқташы тоқташы деп қолын көтереді, тыныштық пе екен, не істеп қойдым деп ойлып тұрмын, сөйтіп көлігімді оң жаққа алып тоқтадым, ол да тоқтады, сосын қасыма келіп, өзін таныстырып, әрі қарай жалғастырды: менің өмірімде қиыншылықтар болып жатыр еді, сіздің “Аман жүр Анашым” деген бейнебаяныңызды көріп тәубеме келдім, енді намаз оқиын деп жүрмін деді, қатты қуандым Аллаға шүкір, осы емес пе мақсатымыз?” – деп бөлісті ол.
Естеріңізде болса, бұған дейін африкалық және египеттік азаматтың Айдардың клипіне қатысты пікірін жазған болатынбыз.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады