Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігітінің адалдығына көзі жеткен қыз онымен айырылысып кетті

YouTube желісінде To Catch a Cheater бағдарламасының кезекті видеосы пайда болды. Бойжеткен аталған бағдарламаның ұйымдастырушыларынан жігітінің қаншалықты адал екенін тексеріп көруді өтінеді. Нәтижесінде жігіті толықтай сенімін ақтап шығады. Осы сәтте бойжеткен жылап, керісінше өзінің оған опасыздық жасағанын айтып қояды.

Бұл туралы life.ru басылымы хабарлайды.

Бойжеткеннің жігіті екі қыз тұратын үйге интернет қосу үшін шақырылады. Жартылай жалаңаштанған егіз қыздар оның барынша көңілін аулап, өздеріне қаратпақ болады. Бірақ, жігіт бірден қызының бар екенін, оны ерекше жақсы көретінін айтады.

Жігітінің адалдығына көзі жеткен қыз жылап жібереді. Бірақ, жылауына тағы қосымша себеп бар екен. Ол шоу ұйымдастырушыларына өзінің опасыздыққа барғанын айтқан. Көптен бері әріптесімен төсектес болып жүр екен. Осы бағдарламадан кейін бойжеткен жігітімен айырылысу туралы шешім қабылдаған.


Жіберіп алмаңыз:

14 жастағы қыз ағасына бола көшеде жалаңаш жүруге мәжбүр болды

Пранкер астаналық көше кезбелердің бір күнде қанша ақша табатынын анықтады

Қытай электр қуатымен ұшатын жаңа тікұшақ жасап шығарды

Дональд Трамптың Twitter-дегі аккаунты істемей қалды

Талқылау