Жігітінен қалың малдың ақшасын алып алған қыз қашып кетті

Сейсенбі, 18 Қазан , 2016 8:49

Қырғызстанның Ош облысында тұрмысқа шығу туралы ойынан айнып қалған қыз 70 мың сом көлеміндегі қалыңмалды алып қашып кеткен.

124f03fb2f7d07c55dfefdc1cdde77b8

Бұл туралы КирТАГ хабарлайды.

“Жігіт қызға қалыңмал ақшасын берген. Ал қыз болса ақша қолына тигеннен кейін күйеуге шығу туралы ойынан айнып қалыпты. Енді міне бір жыл бойы ақшаны қайтармай жүр. Жігіт оған 70 мың сом төлеген. Мұның барлығын ата-аналары кездесіп келіскен екен. Жастар жарты жыл бойы көңіл жарастырып жүрген. Қыздың жасы – 22-де, ал жігіт 26-да”, – дейді “Импера группу” заңгерлік компаниясының басшысы Эмиль Джапақбаев.

Жігіт оған не болғанын сұрамақшы болып бірнеше рет тырысқанымен, еш нәтиже шықпаған.

“Бастапқыда қыз ауырыр, ауруханаға жатқан. Бірақ оның ата-анасы жігітке қыздың қай ауруханада екенін айтпаған. Содан үш бойы мүлде хабар ала алмапты. Қыздың ата-анасы да жігіттен бойларын ала қашқанымен, кейін өздері де қызын таппай отырғандықтарын мойындапты”, – деп атап өтті заңгер.

Оның сөзінше, зардап шегуші заңгерден кеңес алмақшы болған. Алайда ұяламын деп Ош прокуратурасына шағым білдіруден бас тартыпты. “Жігітке обал, оның отбасы да аса бақуатты емес. Қалыңмалдың ақшасын өзі еңбектеніп жинаған екен”, – дейді Джапақбаев.

Заңгердің айтуынша Қырғызстанда қалыңмал заңмен бекітілмеген. Бірақ, мұндай жағдайға ұшырағандар көп ретте Қылмыстық кодекстің 166 “Алаяқтық” бабы бойынша арызданып жатады.

Оқи отырыңыз:

Ресейде Samsung Galaxy телефонының кесірінен үш қабатты зәулім үй өртке оранды

Әлемдегі ең әдемі бет иесі анықталды (фото)

30 жастағы америкалық өзін Билл Клинтонның некесіз туған ұлы деп есептейді

Оңтүстік Кореяда 10 адам автобуста тірідей жанып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар