Жігіті тастап кеткен қалыңдық той көйлегімен 5 шақырым жерді жүгіріп өткен
Америкалық Кайли Манулакты некелесу рәсіміне бір жұма қалғанда жігіті СМС-хабарламамен тастап кетті, – деп хабарлайды ABC News.
Қыз жігітімен 4 жыл кездескен. Некелесуге аз уақыт қалғанда жігіт арадағы қатынастың үзетінін СМС-хабарламамен жазып жіберген. Қалыңдықтың көңілін көтеру үшін достары оған Тамп қаласында өтетін “Color Fun Fest” жүгіруіне қатысуды ұсынған. Ереже бойынша, қатысушыларға жүгіру кезінде әртүрлі түстегі ұнтақтар лақтырылады. Содан ол қалыңдық той көйлегін киіп бармақшы болады.
“Енді бұл мен үшін әдемі көйлек болмай қалды. Бірақ достық пен қолдаудың белгісі ретінде сақталды”, – дейді Кайли Манулак.
Ол жігерлігінің үлгісі ретінде, көйлекті жуып қойып, қажет санағанға беретінін айтты.
Талқылау

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді

Қазақстандық исламтанушы мигранттардың діни ахуалға әсерін айтып берді
Исламтанушы Қанат Байбосынұлының сөзінше, Сириядан келген мигранттардың басым бөлігі Қазақстанға "Жусан" операциясы арқылы оралды