Жігіт есірткі сақтағаны үшін ұсталып, қызына үйленуге ұсыныс жасады (видео)

25 жастағы жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады. Жігітті құқық қорғау органы қызының көз алдында есірткі сақтады деп ұстап алады. Мұны ол өзі ұйымдастырған болып шықты. Қыз тұрмысқа шығуға келісімін берді.

Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлады.

Оқиға Бішкекте  кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Сценарий бойынша, кездесіп жүрген қыз бен жігітке қаруланған құқық қорғау органдары келіп жігітті есірткі сақтады деп айыптайды.

Өзінің кінәсіз екенін айтқан жігіттің көлігінен ақ ұнтақ табылады.

Оқиғаны көрген қыз қиын жағдайға қалған. Тіпті, жылауға дейін барады. Ақ ұнтақты ашып жігіттің алдына қояды. Сол кезде қызға құжаттармен танысыңыз деп қағаз береді. Ол қағазда «маған тұрмысқа шықшы» деген жазу болады. Жігіт ұнтақ салынған пакеттен жүзік шығарады. Мұны білген қыз жылап жіберуге қалды.

Қорқып қалған қыз ұсынысты қабыл алды.

«Қатты қорқып кеттім. Не болып жатқанын түсінбей қалдым. Бірақ ұнтақ салынған пакет жігітімдікі емес екенін білдім. Себебі, мен үнемі оның қасында жүремін», – дейді қыз.

Қызықты ұсынысты жасауға Sputnik Кыргызстан редакциясының журналистері көмектесті.

Тағы оқыңыз:

Қайта осындай әйел тапқаныма бақыттымын: Кемпірге үйленді деп желіде шу болған күйеужігіт шындығын айтты

Күйеужігіт төсек-орнына көңілі толмағандықтан той алдында қалыңдығын тастап кетті

Қарияларға дейін ұстап отыр: Еліміздегі қазақтар Қытайдағы туыстарына қандай қысым көрсетіліп жатқанын айтты

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар