Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігіт алып қашқан қыз ата-анасына өлі қайтты: Жас келіннің неге асылып қалғаны анықталды

Ақтөбе қаласында білім алып жүрген студент қыз  Атыраулық жігіт алып қашқаннан кейін қайтыс болып кеткен еді. 19 жатағы бойжеткеннің ата-анасы тойдан хабар күтіп отырған кезде, жаңа құдалар қаралы хабар жеткізген.

Енді қыздың ата –анасы мен туыстары  оның неден қайтыс болғанына өз болжамдарын жасап, кінәлілердің жазалануын сұрап отыр. Ол үшін Атырау полициясына қыздың сүйегін алуға барған нағашы ағасы арыз жазған.

«Біз жиен қарындасымның жақында тойы болады деп күтіп жүрген болатынбыз. Аяқ астынан осындай хабар түсті. Қазір сот медициналық сараптама жасалынып жатыр. Данараның не себепті асылып қалғаны тергеу барысында анықталып қалатын шығар. Қазірге бір болжам бар, жігіт ажырасқан әрі екі баланың әкесі болып шықты.

Апам (қыздың анасы) Данара осы мәселеге байланысты өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін деп отыр»,-дейді қайтыс болған Данараның нағашы ағасы Алтай Stan.kz  тілшісіне берген жауабында.

Жас келіннің жақындары құзырлы орган қызметкерлері  осы жағдайды жіті қарап, кінәлілердің әділ жазасын алғанын қалайды.

Оқи отырыңыз:

Елімізде зейнетақы жинақтары үшін мекемелер арасында қып-қызыл талас басталғалы тұр

Жезөкшелердің етінен кәуәп жасап базарда сатқан алматылық адамжегіш алғаш рет сұхбат берді (фото)

Қазақстандық жүргізушілерге қандай жағдайда куәліксіз көлікпен жүруге рұқсат беріледі

 

 

Талқылау