Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезөкше деп қабылдады: Қазақстандық қыз Иорданияда басынан өткен азапты күндерін айтып берді

Ақтөбе облысының тұрғыны Ақмарал Имашева Иорданияға барған сәтсіз сапары жайлы айтып берді.

Фото: diapazon.kz

Бойжеткен елге жеткен кезде әуежайда оны жезөкше қыздармен шатастырып кіргізбеген. Ол Иорданияға жұмысқа орналасу үшін барған, деп хабарлайды Диапазон.

«Амманна әуежайында мені полицейлер бөлімшесіне алып кетті. Ешкім әшнәрсе айтқан жоқ, полицейлер ағылшын тілінде дұрыс сөйлей алмайды. Олар тек паспорт пен телефонды талап етті. Мені апарған бөлме жайсыз, қорқынышты болды. Мен айқайлап жылағаныммен ешкім тыңдаған жоқ», – дейді Ақмарал.

Осы бөлмеде ол Украинаның, Ресей мен өзге елдердің қыздарын көрген. Барлығы 16 қыз 20 шаршы метр жерге жатқызылған. Олар Иорданияна шетел азаматына дұрыс қарамайтынын айтқан. Бірақ жезөкшелер де Иорданияға не себепті кіргізбегенін түсінбеген.

«Бөлменің терезесі жоқ, үнемі кондиционер қосылып тұрды. Жаураған кезде иісі сасып кеткен көрпелерді жамылдық. Мен жаурасам оларды жамылған жоқпын. Жатар алдында әйел полицей келіп матрастар лақтырды да, «жатыңдар да ұйықтаңтар» деп бұйырды. Өзі қайта келіп телефонмен айқайлап сөйлесіп, матрастарды аттап жүрді. Таңға дейін жарық жанып тұрды. Ертесі өзге әйел келіп, сөмкелерімізді ақтарды», – дейді ол.

Ақмарал ертеңінде Қазақстан елшісін күтті. Ол елшіге еш себепсіз қыздарды кіргізбей жатқанын айтады. Ақмарал Имашева өзін жезөкшеге теңегеніне ашуланады. Айтуынша, ол ашық-шашық болып киінбеген. Ақырында ол Астанаға ұшпақ болады. Бірақ оған рейсті 6 сағат күтетінін айтқан.

«Шарджаға келгенде тағы келеңсіздіктер басталды. Мені әуежайға сотталған адамша апарды. Паспортымды стюардессалар әуежай қызметкерлеріне тапсырды. Астанаға рейс алты сағаттан соң емес, үш күннен соң жүретіні белгілі болды», – дейді Ақмарал.

Ақтөбелік қызға паспортын қайтармай ол Wi-Fi мен тоқ нүктесін іздеп 8 сағат жүрген.

«Wi-Fi алу үшін кафеден 30 дирхамға зат алу керек екен. Бұл 2700 теңге. Телефонымның қуаты өшкенде тоқ нүктесін таппадым. Олардың нүктелері 3 темірден тұрады. Сондықтан қуаттағышты құралын сатып алу керек болды», – дейді Ақмарал.

Бойжеткен амалын тауып Иорданиядаға Қазақстан елшілігімен хабасралсады. Ол қазақстанықтардың БАӘ-де 2018 жылдың 10 наурыз айынан бастап 30 күнге дейін жүре алатынынын дәлелдейтін құжатты көрсетеді. Ақырында ол әуежайдан шығып, Эмиратқа барады.

«Бірінші күні маған Дубайдан жұмыс ұсынды. Ол жерге орыстілді қызметкер керек болды. Содан бері мен отельде қонақтар мен жұмысқа қабылдаушылармен сөйлесетін агент болып жұмыс істеймін», – деді Ақмарал.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Stan.kz
Бейсенбі, 28 Маусым, 2018 14:58