«Жезөкше» әнінің бейнебаянында маструбация жасаған қыз қазақстандықтардың ашуын келтірді
Ғаламторда қазақстандық әншінің анайы сипаттағы бейнебаяны жұрт сынына ұшырады. 29 жастағы рэпер Шыңғыс Әлкеев «Жезөкше» әніне бейнебаян түсірген.

Бейнебаянның бас кейіпкері – бойжеткен. Ол пәтерге кіріп, душ қабылдау үшін шешінеді. Мұнан кейін жалаңаштанған қыз бөлмелерді аралайды. Шылым шегіп, шарап ішеді. Өзін-өзі қанағаттандырған ол төсекте ұйқыға батады.
«Жезөкше – өте сұлу, оның сезімі пәк, тәні лас. Онымен бақытты отбасын құра алмайсың», – деген сыңайдағы рэп оқиды Шыңғыс Әлкеев.
Соның арасында әлеуметтік желі қолданушылары бірден бейнебаянды қызу талқыға салды. Бейнебаянды көргендердің көпшілігі оған «таза порновидео» деген баға берді.
Бір бренд, бірақ Қазақстанда әлдеқайда қымбат: Zara, Adidas және Massimo Dutti тауарлары үшін неге артық төлейміз
Еуропалық брендтердің тауарлары Қазақстанда неге қымбат?
Қазақстандық жігіт ЖИ көмегімен бейнеролик жасауды үйреніп, енді айына 2 миллион теңге табыс табады
Достарына әзіл үшін видео түсірген Алиаскар Куттымурат жасанды интеллект арқылы айына 2 миллион теңге табады