Жезқазған саябағында 10 жасар қызды зорламақ болды
Бүгін «102» нөміріне 38 жастағы Жезқазған азаматынан қоңырау түсті. Ер адам саябақта әлдекімнің 10 жастағы қызды ұстап алып, зорламақ болғанын хабарлаған-ды.

Полиция қызметкерлері 23 жастағы Өзбекстан азаматын қылмыс орнында тұтқынға алды. Ол біраз уақыт Оңтсүтік Қазақстанда тұрған.
Педофил қамауға алынды. Оған қатысты ҚК 121-бап 4-тармағы «кәмілет жасқа толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Мұндай сипаттағы қылмыс үшін он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Сонымен қатар ҚК 24-бабы «қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» да есепке алынды.
Тұтқынға алынған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан