Жеткізуші ер адамның тапсырыс берілген тамақтың жартысын жеп қойған сәті видеоға түсіп қалды (видео)
Үндістанда танымал жеткізу қызметтерінің бірі дауға қалды. Себебі желіде өз қызметкерінің тапсырыс берушілердің тамағына жеп жүрген видеосы тарап кеткен.
Бұл туралы BBC News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға Мадурай қаласында орын алған.
Желіде тараған видео кадрларында жеткізуші тапсырыс берілген тағамдардың қорабын ашып, тамақтың бір бөлігін жеп қояды. Мұнан кейін қорапты жауып, оны қайтадан сөмкесіне салды.
When @ZomatoIN @Zomato food is lighter than usual….. pic.twitter.com/Xnau9Xdc9j
— Viv (@SudIndus) 10 декабря 2018 г.
Өз кезегінде жеткізу қызметінің өкілі видеодағы расымен де өз қызметкері екенін растады. Компаниядағылар ер адамды жұмыстан босатқанын және алдағы уақытта мұндай оқиға қайталанбас үшін шара қолданылатынын айтты. Сонымен қатар жеткізушілерге түсіндіру жұмысы жүргізіліп, тағамның қорабына арнайы таспа жапсырылатын болады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.