Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеткіншек адам өлтіріп, қылмысы жайында достарына айтып мақтанған

Калинин округының Тюмень қаласында 18 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол адам өлтірді деп айыпталуда.

nuga-veri-vagivald-67705161

Айыпталушы бірнеше ай бойы адам өлтіргені жайлы таныс қыздары мен достарына ғаламтор арқылы айтып мақтанып келген.

Мәліметке сәйкес, 2015 жылы кәмілет жасқа толмаған 17 жастағы жеткіншек адам өлтіру мақсатымен пышақ сатып алған. Ізін жасыру үшін қолына бірнеше резина қолғап киген.

2015 жылыдң 23 тамызында ол қолғабын киіп, қолына пышақ пен  балта алып кез келген адамды өлтіруге бет алған. Мұнысы жайлы жақын досына айтқанымен ол оған сенбеген.

Ол қаладағы 57 жастағы маскүнемді кездестірген. Жеткіншек оған тағы да ішуді ұсынады.

Ол адам жүрмейтін жерге алып келіп, алдында келе жатқан ер адамның арқасына пышақ сұғып алады. Ер адам жерге сұлап түскен соң жеткіншек оны тағы да пышақтай түсіп, соңында балтамен ұрған.

Кейін ол досы мен желідегі екі дос қызына осы жайлы айтып мақтанған. Олар бастапқыда сенбегенімен, оның адам өлтіргеніне көзі жеткен соң полицейлерге хабарлаған.

2015 жылдың 24 қарашасында күдікті қолға түсті. Тексеріс нәтижесінде оның қандай да бір психикалық дертпен ауыратын анықталмаған.
Айыпталушыға 10 жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Іс аудандық сотқа жіберілді.

Жіберіп алмаңыз:

Лондон орталығында белгісіз біреу адамдарға пышақ алып жүгірді: қаза тапқандар бар

Өскеменде күйеуін өлтіргенін мойындаған әйелді қаңғыбас ер адам пышақтап тастаған

Бельгиялық босқын жуынып алу үшін үйіне кіргізген дінбасыны пышақтады

Талқылау